Үздік атану, табысқа ұмтылу!
қазақстандық ұлттық капитал
Уытты және жарылғыш газдар — мұнай-газ кен орындарындағы ең қауіпті факторлардың бірі және жұмыстағы елеулі проблема. Сондықтан мұндай сын-қатерлерге үнемі дайын болудың маңызы зор. Біздің қызметіміздің іргетасы — осы жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету. QHSE-Akbarys компаниясының негізгі бағдарлары мен мақсаттары — атмосферадағы газдардың концентрациясын ертерек анықтау, персоналдың денсаулығына жағымсыз әсер етуіне жол бермеу және техногендік апаттардың алдын алу.
Біздің қызметтеріміз күкіртсутектен қорғау жөніндегі кәсіби шаралар мен инновациялық шешімдер кешені болып табылады.
Оларға супервайзинг, газ анықтау жүйелері, уақтылы хабарлау жүйелері, жеке қорғану құралдары және тыныс алу ауасын беру жүйелері, жиналу мен тасалауға арналған тиісті түрде жабдықталған орындар, сондай-ақ оқыту және тұрақты оқу-жаттығу сабақтары, объектіге бақылау арқылы өткізу арқылы негізгі кедергілерді іске асыру кіреді.
QHSE-Akbarys компаниясы — ТМД аумағындағы газ қауіпсіздігі бойынша қызметтердің жетекші орындағы жеткізушісі. Біздің тәжірибеміз H2S концентрациясы жоғары аудандардағы құрлық және теңіз жобалары шеңберіндегі операциялардың кең спектрін қамтиды.
жылғы жемісті
работы
іске асырылған
жобалар
компания
штаты
адам-сағат
жылғы жемісті
работы
іске асырылған
жобалар
компания
штаты
адам-сағат
жылғы жемісті
работы
іске асырылған
жобалар
компания
штаты
адам-сағат
КPO B. V. 2018 жылғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы Үздік Мердігері марапаты.
KPO B. V. 2017 жылғы еңбек жетістіктері үшін марапаты.
«Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша марапат
Жұмыскерлердің еңбек қорғау талаптарын сақтауы үшін берілетін «Сенім сертификаты»
КPO B. V. 2016 жылғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы Үздік Мердігері
Мердігерлік ұйымдар арасында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы 2015 жылғы үздік көрсеткіш
QHSE-Akbarys компаниясы жаңа кәсіпорын құруға және NH15-K эвакуациялық құтқару тымақтарын өндіретін зауыт құрылысына инвестиция салды. Бұл іс мұнай-газ саласына қажетті тауар өндірушілердің отандық нарығын дамыту жөніндегі стратегияны іске асыру шеңберінде атқарылды. Жоба «Теңізшевройл» ЖШС бастамасымен және басшылығымен, сондай-ақ «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қолдауымен өтті.
2019 ж. 9 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында NH15-K эвакуациялық құтқару тымақтарын өндіретін Akbarys Protection жаңа зауытының салтанатты ашылуы өтті.
Кәсіпорында инновациялық технологиялар қолданылады. Оның жобалық қуаты — жылына 40 000 данадан астам құтқару тымағы. Бұл жергілікті тапсырыс берушілерді Каспий маңы өңірі елдеріне экспорттау мүмкіндігімен әлемдік деңгейдегі сапалы өніммен қамтамасыз етеді.
Инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 1 млрд. теңгені құрады.
Сайтқа өтуБізбен бірге белестерді бағындыр
Өтінім қалдыруқызметкер бізбен жұмыс істейді