QHSE-Akbarys компаниясының қызметінің негізіне қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйелі көзқарасы алынған.
Бұл әдіс шығарылатын газды арнайы ерітінділермен суландыруға негізделген. Сұйықтық барынша тез жайыла отырып газдың ілеспе қоспаларымен беттесе отырып, қарқындырақ араластырылған кезде уытты газ сұйықтық ішінде толығымен ериді.
Қойнауқат суы бітеу ыдыстарда сақталған кезде газдардың буы желдету желісі арқылы сыртқа шығарылады. Желі өз кезегінде скруббермен жалғанған, сол жерде күкіртсутек бейтараптандырылады. Ал скрубберден шығатын жерде күкіртсутектің құрамында газ болмайды.
Ыдыстарда вакуум пайда болмас үшін және ауа сорылып сыртқа шығып кетпес үшін, әрқашан оң қысым сақталып отырады. Қысымды қолдау үшін газ тәрізді азот мерзімді түрде қолданылады, осылайша ыдыс ішінде оттегіні ұстап тұратын қауіпсіз «азот жастықшасы» жасалады.
Күкіртсутекті кәдеге жаратуға қойылатын талаптар «Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму Министрінің 30.12.2014 ж. № 355 бұйрығында айқындалған.
Нормативтік құжаттарға сәйкес атмосфераға зиянды заттарды, оның ішінде газдарды бейтараптандырмай және жақпай шығаруға жол берілмейді.