Біз болашақта өмір үшін қауіпті және қиын жағдайларға тап болатын барлық жұмыскерлерге үйлеріне, отбасыларына оралуға кепілді түрде көмектесетін технологиялар пайда болатынына сенеміз. Біз өзіміздің негізгі нарықтағы мықты тұстарымызды арттырып, жаңа салаларға бет бұрудамыз. Біз өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы технологияларымыз, тәжірибеміз бен біліміміз қажет болатын жерден табыламыз.
QHSE-Akbarys компаниясы — ТМД және таяу шетел аумағында газ қауіпсіздігі бойынша қызметтердің жетекші орындағы жеткізушісі.
Біздің тәжірибеміз H2S концентрациясы жоғары және SO2, CO, CO2 және CH4 сияқты уытты газдар көп таралған салалардағы операциялардың үлкен ауқымын қамтиды.
Бұрғылау, сынау, жөндеу жұмыстары және өндірістік операциялар кезінде анықталатын H2S жоғары концентрациясының салдарынан күкіртсутек мұнай-газ өнеркәсібіндегі елеулі проблема болып табылады.
Біз — ең көп таралған уытты және жарылғыш газдарды ертерек анықтау саласының кәсіби мамандарымыз. Бұлар яғни H2S, SO2, CO, CO2 және CH4 қоса алғанда, мұнай-газ саласындағы қауіпті өндірістік объектілерде кездесетін заттар. QHSE-Akbarys компаниясының заманауи жүйелері газды ертерек анықтауды, ұжымға хабар таратуды және барлық арнайы құрылғыларға ақпарат жазу арқылы деректер жинауды қамтамасыз етеді.
Уытты химиялық ортада жұмыс істеу кезінде газ анықтау жүйелерін пайдалану — қажетті сақтық шарасы. Бұл жабдық ауадағы газ концентрацияларының төмендеп кеткені туралы ертерек ескертуге бағдарланған. Ол учаскедегі персоналға заттың концентрациясы өлімге соқтыратын деңгейге жеткенге дейін дереу әрекет етіп, қауіпті аймақтан шығуға мүмкіндік береді.
Газ концентрациялары өте жоғары немесе оттегі деңгейі төмен қолайсыз ортада жұмыс істегенде, уытты заттардың кең диапазоны үшін сынама алуға арналған түтіктері бар сорғыларды қолдануға болады.
Компанияда 10 жылдан астам уақыт бойы ISO 9001 сапа менеджменті жүйесінің, ISO 45001 денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің және ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттары қолданылып, табысқа жеткізіп келеді.
Біз қоршаған ортаны кіріктірмелі басқаруды үнемі жетілдіріп отырамыз. Шығарындылардың азайтылуын қадағалаймыз. Негізгі экологиялық тәуекелдерді тиімді реттейміз және бақылаймыз.